19 мамырда университетімізде еліміздегі ең ірі трансұлттық АрселорМиттал Теміртау компаниясының бас директоры университеттің түлегі, Яблонский В.И. бастаған бір топ басшылармен кездесу өтті.
Кездесу барысында үздік оқитын 20 студенттерге компанияның гранттары табысталды және университетпен компания арасындағы серіктестігі одан әрі нығайю жолындағы іс-шаралары талқыланды.
Кездесу қонактарды университеттің соңғы жылдары ғылым мен мамандар даярлау бағытында қол жеткізген жетістіктерімен таныстырдық. Оқу орнымыздың 27 мыңнан астам бітірушілерінің басым көпшілігі аталған компанияда жұмыс жасайды. Компанияның инженерлік-техникалық қызметкерлерінің шамамен 70%-ы және комбинат басшылығының 90%-ы Қарағанды индустриялық университетінің түлектері. Атап өту керек соңғы жылдары университет пен компания арасындағы ұзақ жылдар бойы қалыптасқан әріптестік қатынас үзіліп қалды.
2021 жылдан бастап университет ректоры Болатбек Серикбаевич Абдрасиловтың бастамалары арқасында компаниямен әріптестік байланыстарды қайта қалпына келтіру мен нығайтуға арналған көп іс-шаралар өткізілді .
Осы мәселені сол уақыттағы Қарағанды облысының басшысы Женіс Қасымбек мырзаның назарына ұсынып, сол кісінің қолдауымен Меморандум жасалынып, бұрын болған әріптестік байланыстар қайта жандануына жол ашылды. Екі жылдың ішінде АрселорМиттал Теміртау компаниясы білім алушылардың өндірістік базасына айналды, компанияның жауапты қызметкерлерін, мықты мамандарын университет оқу бағдарламаларын дайындауға, мемлекеттік сынақтарды өткізу, студенттер мен магистранттарына дәріс беруге тартылды. Оған қоса университет ғалымдар қол жеткізген гранттарға компания бірлесіп қаржыландыруды қамтамасыз етіп, 45 студентке компания тарапынан тегін оқуға гранттар бөлінді.
Компанияның бас директоры В.И Яблонский өз сөзінде университет түлегі екенін мақтанышпен айтып, түлектердің әлеуеті жоғары екендігін, олардың қызметте биік мансапқа қол жеткізуде мол мүмкіндіктері бар екенін атап өтті. Ол қазіргі уақытта компанияда мамандардың жетіспеушілігі - ең өткір де өзекті мәселе болып табылатынын және біздің түлектеріміздің компанияға жұмысқа келуі өте маңызды екенін айтты.
Кездесу барысында университет ректоры компания басшыларымен келесі мәселелерді талқылап, оны бірлесіп шешудің басым бағыттары қарастырылды: студенттер үшін жаңа жатақхана салу, Ғылыми-зерттеу жұмыстарын қаржыландыру (ПЦФ, коммерциаландыру), қала имиджін көтеру, оны көркейту, абаттандыру, Жер қойнауын пайдаланушылардың 1% қаржысын ғылымға тиімді жұмсау, оқу жұмысы, мамандарды даярлау, Мәскеу мемлекеттік болат және қорытпалар университетінің (МИСИС) филиалын ашылуына атсалысу, "Серпін" бағдарламасы бойынша оңтүстіктен келіп оқу бітірген түлектерді қалада қалдыру үшін баспана мәселесін шешу.
Алдағы уақыттарда алпауыт компаниямен ғылыми бағытта да жақсы жобаларды жолға қойып, еліміздің индустриясының инновациялық дамуына өз үлесін лайықты түрде қосатын болады.