ҚАРИУ ҚАРАҒАНДЫ ОБЛЫСЫНЫҢ ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРЫНДАРЫНЫҢ БЕЛСЕНДІ ЖАСТАРЫНЫҢ ӨЗІН-ӨЗІ БАСҚАРУ ОРГАНДАРЫНЫҢ КӨШПЕЛІ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

 

Бүгін Қарағанды индустриялық университетінің алаңында әлеуметтік белсенділікті дамытуға және студенттердің өзін-өзі басқару органдарына қолдау көрсетуге бағытталған әлеуметтік жоба аясында ұйымдастырылған Қарағанды облысының жоғары оқу орындары мен колледждерінің белсенді жастарының өзін-өзі басқару органдарының көшпелі кездесуі өтті. Іс-шараны Қарағанды облысының жастар саясаты мәселелері басқармасы ұйымдастырды.

Біздің университетте 8 студенттік өзін-өзі басқару органы бар. Коллегиялық органдар мен студенттік ұйымдарға 1-4 курс студенттері кіреді.

Қарағанды индустриялық университетінің студенттік өзін-өзі басқару органдары қызметінің негізгі бағыттары университет өмірінің әртүрлі салаларында студенттік бастамаларды, студенттік әлеуетті дамыту, университет дәстүрлерін қалыптастыру, студенттік өмірдің әлеуметтік мәселелерін шешу болып табылады.

Жалпы, ҚарИУ студенттерінің өзін-өзі басқаруын студенттердің өміріндегі маңызды мәселелерді шешуге, олардың әлеуметтік белсенділігін дамытуға, әлеуметтік бастамаларды қолдауға бағытталған белсенді, дербес әлеуметтік қызметінің ерекше түрі ретінде қарастыруға болады.

Жиын аясында өзін-өзі басқару органдарының белсенді мүшелері үшін жастар тренингтері ұйымдастырылды. Іс-шараны Нұргелді Омарханов жүргізді.

Іс-шара соңында университет қонақтары ҚарИУ студенттік өзін-өзі басқару органдарының белсенді мүшелерімен бірге Теміртау қаласының мәдени орындарына саяхат жасады. Келесі кезекте келген белсенділер Қарқаралы ауданындағы «Барыс» демалыс аймағындағы студенттерді басқару органдарының үш күндік форумына қатысады. Форум бағдарламасы өте қызықты болады деп күтіледі және 30 астам іс-шараны қамтиды.

Барлық қатысушыларға уақытты қызықты танымды және пайдалы өткізуді тілейміз! Жаңа нәрселерді үйреніңіздер, достар табыңыздар, жаңа күш қуат жинаңыздар. Әрқашан алға ұмтылып, әлеуметтік белсенді жастарды үлгі-өнегеңізбен шабыттандырыңыздар.


Просмотров: 216