2023 ЖЫЛҒЫ БІРІНШІ КУРС АПТАЛЫҒЫНА АРНАЛҒАН ІС-ШАРАЛАР ЖОСПАРЫ АЯСЫНДА АҒЫМДАҒЫ ЖЫЛДЫҢ 14 ҚЫРКҮЙЕГІНДЕ ҚАРАҒАНДЫ ИНДУСТРИЯЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІНДЕ АЛҒАШҚЫ «ДИСКО ПАТИ» ӨТКІЗІЛДІ

 

Іс-шараны «Энергетика, көлік және басқару жүйелері» факультеті ҚарИУ студенттік басқару органдарымен бірлесіп ұйымдастырылды.

Диско-пати  барысында «Үздік биші», «Үздік бөлме» және «Үздік бейне» үш байқаудың қорытындысы шығарылып, жеңімпаздар бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Бірінші курс студенттерінің айтулары бойынша іс-шара керемет өтті: «Бұл нағыз студенттік өмір! Сіз әрқашан өмірдің бір орнында тұрмағанын қалайсыз – жаңа, ерекше нәрсе бар, сондықтан біз барлығымыз оған барынша белсенді қатысып, жарыстардың жеңімпаздары болуға тырыстық! Сыйлықтар өте жақсы болды! Осындай іс-шаралардың жиі өткізіліп тұрғанын қалаймыз!» – деп студенттеріміз өз әсерлерімен бөлісті.

Студенттік Парламент «Диско-пати» іс-шарасының барлық қатысушыларына алғысын білдіреді, оларға шығармашылық табыстар мен жаңа табысты бастамалар тілейді!

Мерекені, байқауларды ұйымдастырып, өткізген факультет деканы Гүлмира Әубәкірқызы Шаяхметова мен декан орынбасары Сәуле Нұртазақызын Камароваға ерекше алғысымызды білдіреміз және студенттік өмірге бағалы, ең бастысы өте қажет сыйлықтар тапсырылды.

 

Сонымен қатар, «үздік пікір» конкурсы жарияланатынын хабарлаймыз. Осы постқа лайк басып пікірге өз достарыңызды белгілеп және өзіңіздің жеке парақшаңызға Stories-ке осы постты репостке салыңыз. Байқауға қатысу үшін @kariu_kz1 аккауынтына тіркеулі болуыңыз керек және өз пікіріңізді қалдыруыңыз керек! Ең жарық қатысушыларды бағалы сыйлықтар күтеді!


Просмотров: 95