ЖАҚЫНДА ҚР ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ БІЛІМ МИНИСТРЛІГІНІҢ БАҒДАРЛАМАСЫ БОЙЫНША УНИВЕРСИТЕТТЕРІМІЗДІҢ БОЛАШАҚ БАСШЫЛАРЫН ДАЯРЛАУ БОЙЫНША ОҚУ АЯҚТАЛДЫ.

Жақында ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің бағдарламасы бойынша университеттеріміздің болашақ басшыларын даярлау бойынша оқу аяқталды. Бұл курстар Назарбаев Университетінің Жоғары білім беру мектебінің базасында «ACADEMIC LEADERSHIP INSTITUTE» бағдарламасы бойынша өтті және 9 модульді қамтыды, онда тыңдаушылар көшбасшылық, менеджмент, стратегия, білім беру қызметін трансформациялау, заманауи ғылыми зерттеулер және т.б. мәселелерді зерттеді.

Бағдарлама университеттердің ректорларына, проректорларына, декандары мен департаменттерінің директорларына барған сайын күрделі және серпінді орта жағдайында ЖОО-ны тиімді басқару үшін қажетті білім, дағдылар мен инновациялық технологияларды ұсынды.

Курстың негізгі мақсаты - тез өзгеретін ортадағы өзгерістерді басқару дағдыларына ие жоғары кәсіби және тиімді басқару топтарын құру.

Сабақтарды жоғары білім, ғылым және университеттерді басқару саласындағы жетекші шетелдік және отандық сарапшылар жүргізді. Сондай-ақ, соңғы модульде тыңдаушылар алдында ҚР Вице-премьері Т.Б. Дүйсенова, ҚР Ғылым және жоғары білім министрі С.Н. Нұрбек, ҚР Білім министрі Г.Б. Бейсембаев және т.б. сөз сөйледі.

Оқу курсының соңында әрбір қатысушы университеттерінің стратегиялық қызметінің 5 бағыты бойынша институционалдық және жеке портфолиосын қорғады.

Қарағанды индустриялық университетінің ректоры Абдрасилов Болатбек Серикбаевич үлкен ризашылықпен және қуанышпен аталған курсты сәтті аяқтаған әріптестері факультет деканы, э.ғ.д. Талғат Жақсыбайұлы Ниязовты, Ғылым, инновация және халықаралық ынтымақтастық департаментінің директоры, PhD докторы Талғат Тоқашұлы Жүнісқалиевті құттықтады. Біздің министріміз Саясат Нұрбекке университеттердің болашақ басшыларын оқыту мен даярлаудың осы маңызды курсын ұйымдастырғаны үшін үлкен алғыс айтқымыз келеді.