ҚАРИУ ДА ҰЛТТЫҚ СПОРТ ТҮРЛЕРІ ФЕСТИВАЛІ ӨТТІ.

8-11 желтоқсан аралығында ҚарИУда Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған ұлттық спорт түрлерінің фестивалі өтті.

Жарыс тоғыз-құмалақ пен асық атудан өтті.

Тоғыз-құмалақтан жарысқа қыздар мен ұлдар қатысты. Екі күн ішінде ең мықты ойыншылар анықталды.

Тоғыз-құмалақ қыздар арасында:

1 орын-Байқожа Айжан,

2 орын - Желкенбай Балнұр,

3 орын-Баймағамбетова Аймира

Ұлдар арасында:

1 орын-Рисалиев Сейтжан,

2 орын-Әуелбек Ернұр,

3 орын - Пернебекұлы Жандос.

Асық ату:

1 орын-Абилкасым Имангали,

2 орын-Жолдыбай Тойлыбай,

3 орын-Көмеков Нұржан.

Университет студенттері арасында қазақ-күрес көрсетілім фестивалі өткізілді.

Фестивальге 100-ден астам адам қатысты.

Фестиваль жеңімпаздары мен жүлдегерлері жүлделер мен грамоталармен марапатталды.

Жүлделердің демеушісі Теміртау қаласының Жастар ресурстық орталығы болды.

ҚарИУ- салауатты өмір салтын ұстанатын университет