«ЖАСЫЛ ЕЛ» ЖАСТАР ЕҢБЕК ЖАСАҒЫНА ҚАБЫЛДАУ БАСТАЛДЫ

 

«Жасыл ел – 2024» жауынгерлерінің қатарына 2024 жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша 14 жастан 34 жасқа дейінгі (қоса алғанда) өңір тұрғындары кіре алады. Құжаттар 8 мамырға дейін қабылданады.

Жауынгерлер елді мекендерді көгалдандыру және абаттандыру жұмыстарын жүргізеді, түрлі тақырыптық іс-шаралар мен экологиялық акцияларға қатысады.

Теміртауда құжаттар келесі мекен-жай бойынша қабылданады: Құрылысшылар даңғылы, 47.

Келесі құжаттар пакеті ұсынылуы қажет:

– өтініш берушінің жеке куәлігінің немесе туу туралы куәлігінің көшірмесі (егер өтініш беруші 16 жасқа толмаған болса) ;

– ата-аналардың немесе заңды қамқоршылардың жастардың еңбек жасақтарына жұмысқа орналасуға жазбаша рұқсаты (егер өтініш беруші 18 жасқа толмаған болса);

– қатысушының жеке банктік шотының болуы туралы анықтаманың көшірмесі;

– халықтың әлеуметтік осал топтарына жататын мәртебесін растайтын құжат (бар болса).

Биыл «Жасыл ел» жастар еңбек жасағына 4800 адам кіреді деп күтілуде.


Просмотров: 858