Қарағанды облысындағы су тасқыны жағдайы Президенттің бақылауында

 

Қарағанды облысындағы су тасқыны жағдайы Президенттің бақылауында
Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бүгін, 6 сәуірде бірқатар өңірлердегі су тасқыны жағдайына байланысты Қазақстан халқына үндеу жолдады. Табиғи апатпен күресуге ТЖМ-нің барлық ресурстары, сондай-ақ Ішкі істер министрлігі, Ұлттық ұлан, Қарулы Күштер және Ұлттық қауіпсіздік комитетінің мамандары жұмылдырылды. Жергілікті әкімдіктер тәулік бойы жұмыс істеу режиміне көшті. Жүздеген еріктілер баға жетпес көмек көрсетуде. Президенттің айтуынша, жағдай қиын, бірақ үрейлену қажет емес. Мәселені бірлескен күш-жігермен шешуге болады. «Әр азамат мемлекеттің назарынан тыс қалмайды, барлық шығындар өтеледі,- деді Президент зардап шеккендерге. Бүгінгі таңда қалыптасқан жағдай болашақта жол бермеу мақсатында мұқият талданатындығын атап көрсетті.


Просмотров: 61