СТУДЕНТТЕРГЕ, ШЕТЕЛДІК СТУДЕНТТЕРГЕ ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ БӨЛІМІ

Білім алушыларға көрсетілетін мемлекеттік қызметтер:

  1. Жоғары білім беру бағдарламалары бойынша оқыту үшін жоғары оқу орындарына құжаттар қабылдау және оқуға қабылдау
  2. Жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламалары бойынша оқыту үшін жоғары оқу орындарына құжаттар қабылдау және оқуға қабылдау
  3. Академиялық ұтқырлық шеңберіндегі оқуды да қоса алғанда шетелде оқу конкурсына қатысу үшін құжаттар қабылдау
  4. Жоғары білім беру ұйымдарындағы білім алушылардың жекелеген санаттағы азаматтарына, сондай-ақ, қорғаншылық (қамқоршылықтағы) пен патронаттағы тұлғаларына тегін тамақтандыруды ұсыну Онлайн-өтінім беру
  5. Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім туралы құжаттардың телнұсқаларын беру
  6. Жоғары оқу орындарындағы білім алушыларға жатақхана беру
    • - Білім беруге гранттарды тағайындау, сондай-ақ жоғары білім беру
    • ұйымдарында білім алушыларға әлеуметтік қолдау көрсету

7. Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім туралы құжаттар туралы ақпаратты жаңарту (тізімдеу).

СҚКБ тарапынан көрсететілетін қызметтер:

Қазақстан Республикасына шетел азаматтарының кіру ережелері

Шетелдіктің елде болуы туралы хабарлама 3 жұмыс күні ішінде берілуі тиіс. Есеп мерзімі Қазақстан Республикасына келген күннен, ҚР аумағындағы тұратын жерін ауыстырған күннен және ҚР ішінде іссапарға не жеке сапарға шыққан күннен бастап есептеледі.

Мысалы:

  • егер ҚР-ға жексенбі күні келсе, хабарламаны беру үшін соңғы күн –
    сәрсенбі, яғни 3-ші жұмыс күні.

  • егер ҚР-ға дүйсенбі күні келсе, хабарламаны беру үшін соңғы күн –
    сәрсенбі.

Хабарламаны қабылдаушы тарап (шақырушы тұлға) көші-қон қызметіне vmp.gov.kz визалық-миграциялық порталы немесе eQonaq.kz жүйесі арқылы жолдайды. Сондай-ақ көші-қон қызметіне келесі жағдайларда да хабар беру қажет:

  • қала ішіндегі мекенжайын ауыстырған кезде,

  • Қазақстанның басқа қаласына сапарлаған кезде.

Хабарламаны уақтылы бермеу – қабылдаушы тарапқа ҚР ӘҚБтК 518-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілік жүктейді.

Уақытша тұруға рұқсат (УТР):
ЕАЭО елдерінің азаматтары үшін 180 күндік кезең ішінде 90 күннен, ал басқа елдер азаматтары үшін 30 күннен артық уақыт Қазақстанда болу үшін УТР талап етіледі.
УТР алу үшін дактилоскопия рәсімінен өту қажет, яғни саусақ іздерін тапсыру.

Тіркеу орнындағы полиция бөлімшелерінде фототіркеуден өту қажет (Мичурин көшесі, 8а).

Дактилоскопия, фототіркеу:
УТР, ықтиярхат және басқа да бірқатар құжаттарды рәсімдеу кезінде шетел азаматтары үшін міндетті рәсімдер болып табылады.

Хабарламаны берудің бірнеше тәсілі бар:

  • онлайнvmp.gov.kz визалық-миграциялық порталы арқылы

  • қағаз түрінде – тікелей көші-қон қызметіне

  • электронды түрдеeQonaq.kz жүйесі арқылы

Маңызды: хабарламаны уақтылы бермеу – қабылдаушы тарапқа 10-нан 20 АЕК-ке дейінгі мөлшерде айыппұл салынады.*
Бір жыл ішінде қайталанған жағдайда – 1 жыл мерзімге визалық шақыру рәсімдеуге тыйым салынады.

* ҚР ӘҚБтК 518-бабы
** "Халықтың көші-қоны туралы" Заңның 48-бабы

2025 жылға арналған айлық есептік көрсеткіш (АЕК) – 3 932 теңге

Уақытша тұруға рұқсат (УТР) ТМД елдерінің азаматтарына рәсімделеді.
УТР келесі мақсаттар үшін 1 жылға дейінгі мерзімге беріледі: оқу

Рұқсатты рәсімдеу:
Қабылдаушы тарап (жеке немесе заңды тұлға) не шетел азаматының өзі ХҚКО-да рәсімдей алады, келесі құжаттар болған жағдайда:
шетелдіктің келуі туралы хабарлама (4-бетті қараңыз) және ЖСН.
16 жасқа дейінгі балаларға УТР қажет емес.
Бірге келген жұбайына және 16 жастан асқан балаларға УТР рәсімдеу қажет.

Маңызды: Қазақстаннан шыққан жағдайда УТР ресімделген мерзімнің соңына дейін жарамды болып қала береді. Елге қайта кірген кезде УТР-ды қайта рәсімдеудің қажеті жоқ.

*ЖСН шетел азаматына банк шотын ашу, ҚР аумағында жалақы алу, ЭЦҚ алу, мемлекеттік қызметтерді пайдалану, мемлекеттік баждар, консулдық алымдар мен өзге де төлемдерді төлеу үшін қажет.

(3 жұмыс күні ішінде қалыптасады)

Форма 10

blank

Талап ету орны бойынша анықтама: ҚРУ әскери кафедрасына, жатақханаға, ата-аналарға немесе студенттерге жұмысқа, әскери қызметтен кейінге қалдыру үшін ХҚКО-ға, кітапханаларға және т.б. (әскери комиссариат пен жәрдемақы беруден басқа).

Оқу ақысы немесе шәкіртақы сомасы көрсетілген анықтамаға тапсырыс беру үшін бухгалтериядағы соманы нақтылау қажет: жаңа корпус 220 каб..

(3 жұмыс күні ішінде қалыптасады)

 Қосымша 4

blank

Азаматтарға арналған үкімет «Мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ (ЗТМО) ХҚКО мен бөлімшелерінде асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша Мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы алу үшін анықтама.

Сізге 2 немесе 4 қосымшасының қайсысы керекекенін нақтылаңыз, содан кейін ғана анықтамаға онлайн тапсырыс беріңіз.

(3 жұмыс күні ішінде қалыптасады)

Қосымша 2

blank

Азаматтарға арналған үкімет «Мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ (ЗТМО) ХҚКО мен бөлімшелерінде асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша Мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы алу үшін анықтама.

Сізге 2 немесе 4 қосымшасының қайсысы керекекенін нақтылаңыз, содан кейін ғана анықтамаға онлайн тапсырыс беріңіз.

(3 жұмыс күні ішінде қалыптасады)

Қосымша 29

blank

Азаматтарға арналған үкімет «Мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ (ЗТМО) ХҚКО мен бөлімшелерінде көп балалы отбасыларға мемлекеттік жәрдемақы, наградталған ананың жәрдемақысын алу үшін анықтама.

Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімін аяқтамаған адамдарға анықтама беру

(3 жұмыс күні ішінде қалыптасады)

Қосымша 3

blank

Әскери комиссариатқа ұсыну үшін анықтама

Әскери комиссариатқа анықтамаға тапсырыс беру кезінде жаңа корпусқа 222 каб енгізу қажет. (Персоналды басқару қызметі) тіркеу куәлігі немесе әскери билет.

(3 жұмыс күні ішінде қалыптасады)

Анықтама-шақыру

blank

Жұмыс орнына ұсыну үшін, емтихан тапсыру, практикадан өту, зертханалық жұмыстарды орындау, дипломдық жұмысты (жобаны) дайындау және қорғау үшін, байланыс сабақтарына қатысу үшін оқу демалысын беру туралы

(3-5 жұмыс күні ішінде қалыптасады)

ТРАНСКРИПТ

blank

Транскрипт-білімді бағалаудың балдық-рейтингтік әріптік жүйесі бойынша кредиттер мен бағалар санын көрсете отырып, тиісті оқу кезеңінде өткен пәндердің тізбесін қамтитын құжат

  • Төлқұжат үстелі
  • ЖОО қызметкерлеріне көрсететілетін қызметтер:
  • Білім алушыларға қызмет көрсету бөлімінде мемлекеттік қызметтерді бірнеше минут ішінде алуға болатын электрондық үкімет аймағының бар екенін де ескертеміз.
  • Байланыс деректері:

Білім алушыларға қызмет көрсету бөлімінің басшысы:

Бушева Надежда Александровна

тел.: 8-747-189-0316

 Теміртау қ., Республика даңғылы 30, ҚарИУ бас корпусы, 229 кабинет

e-mail: css@tttu.edu.kz