Бестембек Ербол Серікұлы
Instagram: https://www.instagram.com/kafedra_tmt?igsh=NGxtNWxoemI1MWZt
Білім беру бағдарламалары
Кафедра бакалавриат, магистратура және докторантура білім беру бағдарламалары (БББ) бойынша мамандар дайындайды.
БАКАЛАВРИАТ
6В07107 Өндірістің технологиялық жабдықтары
- БББ түлегіне берілетін дәреже: БББ бойынша техника және технология бакалавры
- Нормативтік оқыту мерзімі: 4 жыл
- Білім беру мақсаты: өндірістің технологиялық жабдықтары саласында әлеуметтік-кәсіптік, тәжірибелік бағытталған құзіреттіліктерге ие, жоғары білімді және үйлесімді дамыған бакалаврларды дайындау
- Біліктілік пен лауазымдар тізімі:
- Инженер
- Инженер-конструктор (конструктор)
- Реттеу және сынақ бойынша инженер
- Жөндеу бойынша инженер
- Инженер-жобалаушы
- Механик
- БББ түлектерінің кәсіби қызметінің объектілері:
- өндірістік кәсіпорындардың жоғары өнімді технологиялық жабдықтары
- технологиялық процестерді кешенді механикаландыру және автоматтандыру құралдары
- автоматтандырылған технологиялық желілердің роботтық және манипуляциялық жабдықтары
6В07112 Көліктік-технологиялық машиналар
- БББ түлегіне берілетін дәреже: БББ бойынша техника және технология бакалавры
- Нормативтік оқыту мерзімі: 4 жыл
- Білім беру мақсаты: көлік-технологиялық машиналар мен кешендерді өндіру және пайдалану саласында әлеуметтік-кәсіби, тәжірибеге бағытталған құзыреттілігі бар жоғары білімді және үйлесімді дамыған бакалаврларды дайындау
- Біліктілік пен лауазымдар тізімі:
- Инженер
- Инженер-конструктор (конструктор)
- Реттеу және сынақ бойынша инженер
- Жөндеу бойынша инженер
- Инженер-жобалаушы
- Механик
- БББ түлектерінің кәсіби қызметінің объектілері:
- жоғары өнімді жүк көтеру, құрылыс, жол машиналары мен жабдықтары
- үздіксіз көлік машиналары
- тиеу-түсіру жұмыстарын кешенді механикаландыру және автоматтандыру құралдары
- көліктік және қоймалық операциялар, автоматтандырылған көтеру және тасымалдау жүйелерінің робототехникалық және манипуляциялық жабдықтары
6В07119 Автомобиль жасау
- БББ түлегіне берілетін дәреже: БББ бойынша техника және технология бакалавры
- Нормативтік оқыту мерзімі: 4 жыл
- Білім беру мақсаты: автомобиль өнеркәсібі саласында әлеуметтік-кәсіби, тәжірибеге бағытталған құзыреттілігі бар жоғары білімді және үйлесімді дамыған бакалаврларды дайындау
- Біліктілік пен лауазымдар тізімі:
- Инженер
- Инженер-конструктор (конструктор)
- Реттеу және сынақ бойынша инженер
- Инженер-жобалаушы
- Механик
- БББ түлектерінің кәсіби қызметінің объектілері:
- автомобиль жасау кәсіпорындарының технологиялық жабдықтары және өндірістік технологиялық процестері
МАГИСТРАТУРА
7M07103 Технологиялық жабдықтардың инжинирингі
- БББ түлегіне берілетін дәреже: БББ бойынша техника ғылымдарының магистрі
- Нормативтік оқыту мерзімі: 2 жыл
- Білім беру мақсаты: өндірістің технологиялық жабдықтары саласындағы инжинирингтік қызмет бойынша әлеуметтік-кәсіптік, тәжірибелік бағытталған, ғылыми-педагогикалық құзіреттіліктерге және тереңдетілген білімге ие, жоғары білімді және үйлесімді дамыған магистрлерді дайындау
- Біліктілік пен лауазымдар тізімі:
- Инженер
- Инженер-конструктор (конструктор)
- Реттеу және сынақ бойынша инженер
- Жөндеу бойынша инженер
- Инженер-жобалаушы
- Кіші ғылыми қызметкер
- Арнайы пәндер оқытушысы
- БББ түлектерінің кәсіби қызметінің объектілері:
- өнеркәсіптік кәсіпорындардың өнімділігі жоғары технологиялық жабдықтары
- технологиялық процестерді кешенді механикаландыру және автоматтандыру құралдары
- автоматтандырылған технологиялық желілердің роботтық және манипуляциялық жабдықтары
- жоғары және орта кәсіби білім беру ұйымдары
- ғылыми-зерттеу және жобалау мекемелері
7M07114 Инжиниринг транспортно-технологических систем
- БББ түлегіне берілетін дәреже: БББ бойынша техника ғылымдарының магистрі
- Нормативтік оқыту мерзімі: 2 жыл
- Білім беру мақсаты: көліктік-технологиялық жүйелер саласындағы инжинирингтік қызмет бойынша әлеуметтік-кәсіптік, тәжірибелік бағытталған, ғылыми-педагогикалық құзіреттіліктерге және тереңдетілген білімге ие, жоғары білімді және үйлесімді дамыған магистрлерді дайындау
- Біліктілік пен лауазымдар тізімі:
- Инженер
- Инженер-конструктор (конструктор)
- Реттеу және сынақ бойынша инженер
- Жөндеу бойынша инженер
- Инженер-жобалаушы
- Кіші ғылыми қызметкер
- Арнайы пәндер оқытушысы
- БББ түлектерінің кәсіби қызметінің объектілері:
- көліктік-технологиялық жүйелердің машиналары мен жабдықтары
- көліктік-технологиялық жүйелердегі кешенді механикаландыру және автоматтандыру құралдары
- автоматтандырылған машиналар мен жабдықтардың роботтық және манипуляциялық жабдықтары
- жоғары және орта кәсіби білім беру ұйымдары
- ғылыми-зерттеу және жобалау мекемелері
ДОКТОРАНТУРА
8D07102 Инновационный инжиниринг технологических машин
- БББ түлегіне берілетін дәреже: БББ бойынша PhD
- Нормативтік оқыту мерзімі: 3 жыл
- Білім беру мақсаты: технологиялық машиналарды зерттеу, әзірлеу және пайдалану саласындағы инновациялық қызметке қабілетті ғалым-зерттеушіні дайындау
- Біліктілік пен лауазымдар тізімі:
- Ғылыми қызметкер
- Арнайы пәндер оқытушысы
- БББ түлектерінің кәсіби қызметінің объектілері:
- өнеркәсіптік кәсіпорындардың өнімділігі жоғары технологиялық жабдықтары
- технологиялық процестерді кешенді механикаландыру және автоматтандыру құралдары
- автоматтандырылған технологиялық желілердің роботтық және манипуляциялық жабдықтары
- жоғары оқу орындары
- ғылыми-зерттеу және жобалау мекемелері
Қосымша ақпарат
БББ бойынша толығырақ ақпараттарды Қарағанды индустриялық университетінің ресми сайтынан (https://tttu.edu.kz/) және «Технологиялық машиналар және көлік» кафедрасынан (Жаңа корпус, 106, 108, 113 кабинеттер) алуға болады.
Бакалавриат БББ бойынша көрсетілген біліктілік пен лауазымдар Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2020 жылғы 30 желтоқсандағы № 553 бұйрығымен бекітілген «Басшылардың, мамандардың және басқа да қызметкерлердің лауазымдарының біліктілік анықтамалығына» сәйкес айқындалады.
Магистратура және докторантура БББ бойынша көрсетілген біліктілік пен лауазымдар Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2020 жылғы 30 желтоқсандағы №553 бұйрығымен бекітілген «Басшылардың, мамандардың және басқа да қызметкерлердің лауазымдарының біліктілік анықтамалығына» және Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2009 жылғы 13 шілдедегі №338 бұйрығымен бекітілген «Педагог қызметкерлер лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамалары» сәйкес айқындалады.