Қарағанды индустриялық университетінде мектеп директорларымен кездесу өтті

 

Оқушыларға кәсіби бағдар беру және мамандығын анықтап алуға ықпал жасау университетіміздің алдында тұрған басты міндеттердің бірі.

Сонымен қатар күнтәртібінде Теміртау қаласы мектеп түлектерінің басқа қалаға кетуі аса маңызды мәселе болыр табылады. Осы орайда Қарағанды индустриялық университетіне қаламыздың мектеп директорлары, білім беру саласының мамандары, мұғалімдер қатысуымен жиналыс өтті.

Аталмыш жиынға қала әкімінің орынбасары Самат Зияшев қатысып, түлектердің алысқа кетпей, жоғарғы оқуды туған қаламызда жалғастырудың маңыздылығын атап өтіп, осы бағытта жұмыс жасап жатқан университет ұжымына, ректорға алғысын білдірді.

Қарағанды индустриялық университетінің ректоры Болатбек Абдрасилов мектеп директорларын университетке түсу талаптары, білім беру бағдарламаларымен таныстырып, жиынға қатысушыларды қызықтыратын, көкейтесті сауалдарына жауап берді. Сондай-ақ, оқу ордасының дамуына, студенттердің білім алуына жасалып жатқан жұмыстарды жеткізді.

Ректор өз сөзінде аталған кездесудің маңыздылығын атап өтіп, осындай кездесулер арқылы университетімізбен мектеп арасындағы байланыс артып, білікті маман даярлауға себепші болатынын айтты. Өз қаласында білім алған жоғарғы білікті жас маман өзіне ғана емес, өз қаласының көркеюіне үлес қосатынын тілге тиек етті.

Айта кету керек, Қарағанды индустриялық университеті — еліміздің тау-кен металлургия өнеркәсібі үшін кадрлар даярлаудың жетекші орталықтарының бірі, ол трансұлттық корпорациялар, қала мен елдің кәсіпорындары, ұйымдарымен тығыз байланыста.

Сонымен, шара қорытындысында мектеп директорлары, жиынға қатысушылар екіжақты байланыстың жаңа деңгейге өтуіне мүдделі екендігін, оқушыларға болашақ мамандығын дұрыс таңдауға, талапкердің бейімділігін ескере отырып, қажеттілігіне карай кәсіпке қызығушылығын арттыруға барынша мүмкіндік жасайтынын айтып тарқасты.


Просмотров: 1  848