ҚАРИУ СТУДЕНТТЕРІ  «СЕНІҢ СӘТІҢ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ СТУДЕНТТЕР ФОРУМЫНА ҚАТЫСЫП ҚАЙТТЫ

 

ҚАРИУ СТУДЕНТТЕРІ  «СЕНІҢ СӘТІҢ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ СТУДЕНТТЕР ФОРУМЫНА ҚАТЫСЫП ҚАЙТТЫ

 

Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінде 3-4 наурыз күндері «Сенің сәтің» республикалық студенттер форумы өтті. Іс-шараға еліміздің барлық өңірінен 50-ден астам университет қатысты. Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі қолдау көрсеткен форумға басқа облыстан арнайы шақыртылған жоғары оқу орындарының студенттері, профессор – оқытушылар құрамы мен БАҚ өкілдері қатысты. Форумда ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Sayasat Nurbek жастармен кездесті. Шараға Қарағанды индустриялық университетінің студенттері де қатысып қайтты. Олар ФЭТиСУ факультетінің 2 курс студенттері Қаржау Самат пен Тілеубергенов Қаршыға. Белсенділер жас мамандарды жұмысқа орналастыру, жатақханалардағы орын тапшылығы, жол төлемдері бойынша есеп беру сияқты өзекті мәселелерді көтерді. Министр студенттердің сұраныстарын қолдап, жол төлемдері мәселесі пысықталып жатқанын атап өтті. Жатақханаларда орын тапшылығы мәселесін шешу үшін ірі қалаларда жаңа жатақханалар салу бойынша жобалық кеңселер құрылып жатқанын, сондай-ақ жыл сайын 10 000 жаңа төсек-орын енгізілетінін айтты.

        

 

Форумның басты жаңалығы студенттердің Kazakhstan Student’s Union республикалық студенттік бірлестігін құру бастамасы болды. Бұл ұйымның басты міндеті – студенттердің мүдделерін қорғау. Спикерлердің айтуынша, болашақта студенттік ұйым Болон процесі аясында Еуропалық студенттер одағының (ESU) құрамына кіруді жоспарлап отыр. ESU мақсаты – студенттердің білім беру, әлеуметтік, экономикалық және мәдени мүдделерін еуропалық деңгейде барлық тиісті органдарға, атап айтқанда Еуропалық Одаққа, Еуропа Кеңесіне және ЮНЕСКО-ға қатысты ұсыну және ілгерілету.

 

/


Просмотров: 1  626