2024 жылдың 29 ақпанында Қарағанды индустриялық университетінің студент волонтерлері «Менің бауырым» республикалық жобасын іске асыру аясында жаңа волонтерлік іс-шараларды ресми түрде бастады.
Жобаның негізгі мақсаты: оқушылардың білім алуына қолайлы ортаны дамытуды қамтамасыз ету үшін оқушыларға құқықтарын қорғауға және қолдауға көмек көрсету.
Еске салайық, 2023 жылдың қараша айында Оқу-ағарту министрлігі мен Ғылым және жоғары білім министрлігі бірге мектеп оқушылары үшін қолайлы және дамытатын білім беру ортасын құруға белсенді түрде көмектесу мақсатында «Менің бауырым» волонтерлік жобасына бастамашы болды.
Волонтерлік жоба аясында Теміртау қаласында Қарағанды индустриялық университетінің 60 студент волонтерлеріне ағымдағы жылдың 29 ақпаны мен 1 наурызы аралығында пилоттық онлайн және офлайн режимде «Жобалық іс-шараларды жоспарлау», «Волонтер жұмысындағы оқушылардың жеке және жас ерекшеліктерін ескеру», «Студент-волонтерлердің балалардың дағыларының дамуын бақылау», «Әлеуметтік жобалар және практика. Оқушылардың әлеуметі-эмоционалды дағыларын дамыту әдістері», «Коммуникациялық дағыларды дамыту және пайдалы дағдыларды қалыптастыру», «Оқушылардың жобалық қызметтерін жүзеге асыруда IT-дағдыларды пайдалану», Оқушылардың қаржылық сауаттылығын дамыту», «Оқушылармен экологиялық жобаларды іске асыру тәсілдері», «Оқушылардың жобалық іс-әрекеттерінде STEАM дағыларды дамыту» тақырыптарына арналған оқыту іс-шаралары жүзеге асырылды.
Оқытуды ұйымдастырушы «Өркен» Балалардың әл-ауқатының ұлттық ғылыми-практикалық институты» КеАҚ, ол студенттерді оқыту шеңберінде семинарлар мен тренингтер өткізу үшін барлық оқу-әдістемелік кешендерді және кәсіби спикерлер-жаттықтырушылармен тегін қамтамасыз етті.
Екі күндік оқыту қорытындысы бойынша волонтер-студенттерге мектептерде балалармен және жасөспірімдермен жұмыс істеу бойынша басшылыққа алатын нұсқаулықтар мен нұсқаулар берілді. Олардың алдағы жұмыстары патриоттық және экологиялық тәрбие беру, жауапкершілікті арттыру, мектепішілік қарым-қатынасты нығайту, эмоционалдық интеллект, құқықтық, оқу, қаржылық және IT сауаттылығын дамытудың маңызды бағыттарын қамтитын болады. Енді біздің студенттер жасөспірімдердің аға серігі, тәлімгері болады.
Наурыз айының ортасынан бастап біздің волонтерлар Теміртау қаласы мен Ақтау кентіндегі 35 мектепте белсенді волонтерлік қызметін бастайды. Волонтерлік жобаларды іске асыру мектептегі іс-шаралар аясында жүзеге асырылады.
Жоба аясында дөңгелек үстелдерді ұйымдастыру, тренингтер өткізу, қарым-қатынас дағдыларын дамыту, оның ішінде танысу, салауатты қарым-қатынас және ортақ мүдделерді орнату сияқты жұмыстың әртүрлі және тиімді нысандарын белсенді пайдалану жоспарлануда. Сонымен қатар, TEDX форматында шеберлік сабақтары, флешмобтар, челлендждер, спорттық турнирлер, қайырымдылық акциялары және сабақтан тыс іс-шаралар өткізіледі.