«Химиялық технология және экология» кафедрасы

КАБИЕВА
СӘУЛЕ ҚАЗЖАНҚЫЗЫ

кафедра меңгерушісі
химия ғылымдарының кандидаты
профессор


E-mail: s.kabiyeva@tttu.edu.kz
Теміртау қаласы, Республика даңғылы, 30,
оқу А корпусы,

кабинет А-317а
Facebook, Instagram


Кафедра тарихы

«Химиялық технология және экология» кафедрасы алпыс жылдан астам ғылыми-педагогикалық дәстүрі бар, Орталық Қазақстан өнеркәсібінің дамуымен тығыз байланысты бай тарихқа ие.

1963 жылғы 1 қыркүйекте Қарағанды металлургия зауытының базасында химия және металлургия салалары үшін инженерлік кадрлар даярлаудың негізін қалаған Завод-ВТУЗ құрылды. 1963 жылғы 1 қарашадағы №2 бұйрыққа сәйкес Теміртау қаласындағы Завод-ВТУЗ жанынан өңірде химия-технологиялық білім берудің іргетасын қалаған «Химиялық технология» кафедрасы ашылды.

1965 жылы құрылымдық даму нәтижесінде кафедра келесі дербес бөлімшелерге бөлінді:
– «Физикалық және аналитикалық химия»,
– «Жалпы химия»,
– «Химиялық өндіріс технологиясы».
Бұл мамандарды даярлауды тереңдетуге және ғылыми бағыттарды кеңейтуге мүмкіндік берді.

1996 жылы «Пайдалы қазбаларды байыту» кафедрасының қосылуына байланысты бейіндік бағыттар біріктіріліп, «Химия, химиялық технология және пайдалы қазбаларды байыту» кафедрасы құрылды. Осы кезеңде кафедраны профессор, техника ғылымдарының докторы Музычук В.Д. басқарды. Оның жетекшілігімен химия және тау-кен металлургия өнеркәсібі үшін пәнаралық негізде мамандар даярлаудың іргетасы қаланды.

1998 жылдан бастап кафедраны химия ғылымдарының кандидаты, доцент Арбузов В.А. басқарды. Осы кезеңде кафедра қайтадан «Химиялық технология» деп аталып, білім беру және ғылыми қызметін заманауи химия-технологиялық процестер мен өндірістік технологияларға бағыттады.

2007 жылы кафедра құрылымына «Экология» секциясы енгізіліп, бұл білім беру бағдарламаларының кеңеюіне және кафедра атауының «Химиялық технология және экология» болып өзгеруіне негіз болды. Бұл өзгеріс өндірістің экологиялық және өнеркәсіптік қауіпсіздігіне қойылатын заманауи талаптарды көрсетті.

2018 жылғы қыркүйектен бастап бүгінгі күнге дейін «Химиялық технология және экология» кафедрасын химия ғылымдарының кандидаты, доцент Кабиева Сауле Қазжанқызы басқарып келеді. Оның жетекшілігімен кафедра қарқынды дамып, көпдеңгейлі білім беру бағдарламаларын іске асырып, ғылыми-зерттеу қызметін нығайтып, өнеркәсіптік және фармацевтикалық кәсіпорындармен өзара ынтымақтастықты кеңейтуде.

Кафедра туралы жалпы мәліметтер

Кафедра университеттің жетекші құрылымдық бөлімшелерінің бірі болып табылады және химиялық, фармацевтикалық, өнеркәсіптік және экологиялық салалар үшін жоғары білікті мамандар даярлауды жүзеге асырады. Кафедраның білім беру, ғылыми-зерттеу және инновациялық қызметі ғылымның, өнеркәсіптің және еңбек нарығының заманауи талаптарына сай кәсіби құзыреттерді қалыптастыруға бағытталған.

Қазіргі уақытта кафедра бакалавриат, магистратура және PhD докторантура деңгейлері бойынша кадрлар даярлаудың көпдеңгейлі жүйесін жүзеге асырады:
6В07101 «Органикалық заттардың химиялық технологиясы»
6В07204 «Фармацевтикалық өндіріс технологиясы»
6В07209 «Мұнай өңдеу өндірісінің технологиясы»
6В07208 «Азық-түлік өнімдерінің технологиясы»
6В11201 «Өнеркәсіптік, экологиялық және өрт қауіпсіздігі»
7М07102 «Органикалық заттардың химиялық технологиясы»
7M07206 «Фармацевтикалық өндіріс технологиясы»
7M11201 «Өнеркәсіптік және экологиялық қауіпсіздік»
8D07101 «Органикалық заттардың химиялық технологиясы»

Білім алушыларды даярлау іргелі химия-технологиялық білімдерді заманауи өндірістің қолданбалы аспектілерімен, стандарттау, еңбекті қорғау, экологиялық және өнеркәсіптік қауіпсіздік мәселелерімен интеграциялау негізінде жүзеге асырылады. Білім беру бағдарламаларының оқу жоспарлары мемлекеттік білім беру стандарттарының, кәсіби стандарттардың және экономиканың нақты секторының талаптарын ескере отырып үнемі жаңартылып отырады.

Кафедраның профессор-оқытушылар құрамы шамамен 30 жоғары білікті маманнан тұрады. Олардың қатарында ғылым докторлары мен кандидаттары, PhD докторлар, профессорлар, қауымдастырылған профессорлар, аға оқытушылар, сондай-ақ өнеркәсіп пен фармацевтикалық секторда тәжірибесі бар практик-мамандар бар. Кафедра оқытушылары ғылыми-зерттеу жобаларына, гранттық бағдарламаларға, халықаралық ынтымақтастықтарға белсенді қатысып, рейтингтік ғылыми журналдарда жарияланады және зерттеу нәтижелерін оқу процесіне енгізеді.

Кафедра білім алушылардың ғылыми әлеуетін дамытуға ерекше көңіл бөледі. Студенттер, магистранттар мен докторанттар ғылыми-зерттеу жұмыстарына, курстық және дипломдық жобаларды орындауға, ғылыми конференциялар мен конкурстарға, стартап-жобаларға белсенді түрде тартылады. Білім беру процесі заманауи оқу-зертханалық базамен қамтамасыз етілген және химиялық, фармацевтикалық және сабақтас салаларда сұранысқа ие практикалық дағдыларды қалыптастыруға бағытталған.

Кафедра түлектері химиялық және фармацевтикалық өнеркәсіп кәсіпорындарында, ғылыми-зерттеу ұйымдарында, сынақ зертханаларында, өнеркәсіптік және экологиялық қауіпсіздік органдарында табысты еңбек етуде, сондай-ақ елімізде және шетелде жетекші ғылыми орталықтарда білімін және ғылыми мансабын жалғастыруда.

Білім беру бағдарламаларын дамыту жоспарлары :

7M07206 Даму жоспары, ФӨТ

6В07204 «Фармацевтикалық өндіріс технологиясы» ББ даму жобасы

7М07102 ХТОВ ББ дамыту жоспары

6В11201 ӨЭжәнеӨҚ ББ дамыту жоспары

7M11201 ӨжәнеЭҚ ББ дамыту жоспары

6В07101 ХТОВ бакалавриат даму жоспары

8D07101 ХТОВ докторантура даму жоспары