«ЖАҢА ҚАЗАҚСТАН: ӘДІЛЕТТІ ҚОҒАМ» АТТЫ ОНЛАЙН СЕМИНАР-ТРЕНИНГ ӨТТІ

 

«ЖАҢА ҚАЗАҚСТАН: ӘДІЛЕТТІ ҚОҒАМ» АТТЫ ОНЛАЙН СЕМИНАР-ТРЕНИНГ ӨТТІ

 

Қарағанды индустриялық университетінің студенттері «ЖАҢА ҚАЗАҚСТАН: ӘДІЛЕТТІ ҚОҒАМ» атты екі күндік онлайн семинар – тренингіне қатысты. Аталмыш семинардың ұйымдастырушысы ҚР Тұңғыш Президентінің Кітапханасы.

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті кітапханасының семинар-тренингі оқушыларға жаңа, өзекті білім беріп қана қоймай, патриоттық және азаматтық сананы қалыптастыруға ықпал етеді. Дәрістер мен тренингтерде тыңдаушылар жаңа құндылықтардың қалыптасуы, қоғамның социомәдени идеалдары туралы көптеген жаңа мағлұматтар алды.

Шараға оқу ордамыздың қазақ бөлімінен 21 және орыс бөлімінен 5 студент қатысты.

Біздің студенттер ішінен 13 үздік спикер, 4 ғылыми жоба назарға ілігіп, марапатталды. Нәтижесінде, семинар-тренингке қатысқан барлық студентіміз алғыс хатқа ие болды.

 

 


Просмотров: 1  627