СТУДЕНТ ЖАСТАРЫ АРАСЫНДА ХVII ОБЛЫСТЫҚ СПАРТАКИАДА БАСТАЛДЫ

 

СТУДЕНТ ЖАСТАРЫ АРАСЫНДА ХVII ОБЛЫСТЫҚ СПАРТАКИАДА БАСТАЛДЫ

20 ақпан күні Қарағандыда студент жастары арасында ХVII облыстық спартакиада басталды. Спорт сайысының ашылу салтанаты Е.Бөкетов атындағы Қарағанды университетінің 12 корпусында өтті. Биыл өңірдің 8 жоғары оқу орнының студенттері арасында жарыс 13 спорт түрінен өтеді: баскетбол, волейбол, футзал, дойбы, шахмат, үстел теннисі, гір спорты, тоғызқұмалақ, асық ату, қазақ күресі, арқан тарту, президенттік көпсайыс (оқ ату, шаңғы жарысы, күштік гимнастика) және жеңіл атлетика. Естеріңізге сала кетейік, біздің Қарағанды индустриялды университеті де спартакиадаға қатысуда.

Жарыстың бірінші күні біздің балалар гір спорты сайысынан  командалық 3 орынға ие болды. Өз салмақ дәрежесінде Жасұлан Борамбаев пен Азам Бегжан екінші орынға ие болса, Қарсан Мұратхан үшінші орынды иеленді. Команданы аға оқытушы О. В. Мелешко жаттықтырды.

 

 


Просмотров: 1  435