СТУДЕНТТЕРІМІЗ ОҚУШЫЛАР АРАСЫНДАҒЫ ПІКІРСАЙЫС ТУРНИРІНДЕ ТӨРЕЛІК ЕТТІ

 

СТУДЕНТТЕРІМІЗ ОҚУШЫЛАР АРАСЫНДАҒЫ ПІКІРСАЙЫС ТУРНИРІНДЕ ТӨРЕЛІК ЕТТІ

Мектеп оқушылары арасында өткен қалалық пікірсайыс турнирінде біздің студенттер қазылық жасап қайтты. Айта кету керек, дебаттар танымдық дағдыларды дамытады десек, біздің студенттер белсенділігімен және әртүрлі қызығушылықтарымен ерекшеленеді. Және университетімізде осы дағдыларды дамыту үшін дебат қозғалысы, пікірсайыс клубтары жұмыс істейді. Олар әртүрлі турнирлерде жақсы жетістігімен көзге түсіп жүр.

Сонымен, оқу ордамыздың студенттері Ілияс Ыбырай, Бақыт Нұрай, Нұрланұлы Бақдаулет, Өсер Аружан, Хыдырбаева Әсел, Қуаныш Үмітбек, Миллион Назым, Садырбай Аружан, Медетбайқызы Меруерт, Құтанова Ақжүніс, Абдиуали Рамазан және Мамырайым Медет аталған доданың әділ әрі қызығылықты өтуіне төрелік етті.

 


Просмотров: 1  558