Қ.И. Сатбаевтың туғанына 125 жыл толуына арналған іс-шаралар аясында Қарағанды индустриялық университетінде ЖОО қызметкерлері арасында «Үздік ғылыми қызметкер – 2023» байқауы өтті.
Байқауға 13 адам – профессор – оқытушылар құрамының өкілдері, университеттің ғылыми қызметкерлері мен докторанттары қатысты. Конкурсқа қатысу үшін олардың әрқайсысына өтінімді толтыру қажет болды, онда өткен күнтізбелік жылдағы негізгі жетістіктер көрсетілуі тиіс. Ғылыми жобаларды, стартап-жобаларды басқару, рецензияланатын халықаралық және отандық журналдарда мақалалар жариялау, монографиялар шығару, патенттер мен авторлық құқық туралы куәліктер алу, халықаралық ынтымақтастықты дамытуға қосқан үлесі, философия докторлары (PhD) мен магистрлерді даярлау, шетелдік жоғары оқу орындарында жекелеген оқу пәндерін оқыту және т. б. сияқты жетістіктер ескерілді.
Конкурстық комиссия жұмысының қорытындысы бойынша 2024 жылғы 15 Сәуірде ең көп балл жинаған конкурс жеңімпаздары анықталды.
1 орын – Волокитина Ирина Евгеньевна (469 балл);
2 орын – Қуатбай Ербол Қуатбайұлы (223,07 балла);
2 орын – Ержанов Алмас Сатыбалдыевич (196,52 балл);
3 орын – Ашкеев Жасулан Аманжолович (153,3 балл);
3 орын– Әбдірашит Асылбек Мирамханұлы (147,47 балл);
3 орын – Әбишкенов Максат Жарылгасынович (140,6 балл).
Байқау жеңімпаздары ақшалай сыйақыға дипломдар мен сертификаттар алады.
Жеңімпаздарды құттықтаймыз!
Просмотров: 187