«ҚАЗМЕТАЛЛУРГАВТОМАТИКА» ЖШС КОМПАНИЯСЫНЫҢ ӨКІЛДЕРІ «ЭНЕРГЕТИКА» ЖӘНЕ «ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТ ТЕХНОЛОГИЯЛАРЫ» КАФЕДРАСЫ СТУДЕНТТЕРІМЕН КЕЗДЕСУ ӨТКІЗДІ.

2024 жылдың 12-сәуірінде «ҚАЗМЕТАЛЛУРГАВТОМАТИКА» ЖШС компаниясының өкілдері «Энергетика» және «Жасанды интеллект технологиялары» кафедраларындағы «Өнеркәсіптік нысандарды энергиямен қамтамасыздандыру» және «Автоматтандыру жүйелерінің инженериясы» білім беру бағдарламаларында білім алушы студенттермен кездесу өткізді.

Кездесуде әңгімелесу барысында студенттер компанияның қызмет саласымен, жұмысқа орналасу және мансаптық өсу перспективаларымен, компания қызметкерлерінің қатысуымен өткізілетін іс-шаралармен және тағы басқалармен таныстырды.

Әңгімелесуде студенттер өздерін қызықтыратын көптеген сұрақтар қойып, оларға нақты жауаптар алды. Кездесу қорытындысы бойынша компания өкілдері студенттермен байланыс орнатуға ниетті.

«ҚАЗМЕТАЛЛУРГАВТОМАТИКА» мен ҚарИУ ынтымақтастығы энергетика және автоматика саласындағы табысты мансап үшін қажетті дағдыларды дамытуға және оқыту сапасын арттыруға ықпал ететіні сөзсіз.