Инклюзивті білім беру

Теңдік, әртүрлілік және инклюзия саясаты Мүмкіндігі шектеулі адамдарға инклюзивті білім беруді ұйымдастыру туралы ереже

Инклюзивті білім беруді психологиялық-педагогикалық сүйемелдеуді ұйымдастырудың  арналған жоспары

Білім берудің теңдігі, әртүрлілігі және инклюзивтілігі мәселелерін академиялық саясат департаменті және тәрбие жұмысы және жастар саясаты департаменті қадағалайды.

Ақылға қонымды бейімделу стратегиясы

2015 жылы Қазақстан БҰҰ мүгедектерінің құқықтары туралы конвенцияны ратификациялады, осылайша азаматтардың осы санатына қатысты көптеген міндеттемелерді өз мойнына алды.

Конвенцияның мақсаты барлық мүгедектердің барлық адам құқықтары мен негізгі бостандықтарын толық және тең жүзеге асыруын көтермелеу, қорғау және қамтамасыз ету, сондай-ақ оларға тән қадір-қасиетті құрметтеуді көтермелеу болып табылады.

Осы мақсатқа жету үшін Конвенцияда бірқатар қағидаттар бекітілген:

  • қоғамға толық және тиімді тарту және қосу;
  • мүмкіндіктер теңдігі;
  • кемсітпеушілік;
  • қол жетімділік.

Мүгедектер мен ерекше білім беру қажеттіліктері бар адамдар үшін қол жетімділікке ақылға қонымды бейімделу арқылы қол жеткізіледі. Ақылға қонымды бейімделу Қарағанды индустриалды университетінің қызметі мүгедектер мен ерекше білім беру қажеттіліктері бар адамдар үшін екі жолмен бейімделетіндігінде:

  1. Корпустардың оларды пандустармен, кең есік ойықтарымен, жазулармен, белгілермен және т. б. жабдықтау арқылы қолжетімділігі қамтамасыз етіледі.
  2. Мүгедектер мен ерекше білім беру қажеттіліктері бар адамдар үшін университет қызметтерін ұсыну тәртібін өзгерту, оларды алу кезінде қосымша көмек көрсету және т.б. арқылы қолжетімділік қамтамасыз етіледі (кеңістікті ұйымдастыру, мүмкіндігі шектеулі студенттің жұмыс орнын ұйымдастыру – мүгедектер, оқытудың арнайы техникалық және бағдарламалық құралдары).

Білім беру бағдарламалары

ОҚЫТУ БАҒЫТЫ: 6В041 БИЗНЕС ЖӘНЕ БАСҚАРУ
6B04103 Бизнес экономикасы
6B04101 Кәсіпкерлік саласындағы менеджмент
6B04104 Қаржы ұйымының экономикасы
6B04106 Кәсіпкерліктегі есеп және аудит
ОҚЫТУ БАҒЫТЫ: 6В071 ИНЖЕНЕРЛІК ЖӘНЕ ИНЖЕНЕРЛІК ІС
6B07106 Автоматтандыру жүйесінің инженериясы
МАГИСТРАТУРА
ОҚЫТУ БАҒЫТЫ: 7M041 БИЗНЕС ЖӘНЕ БАСҚАРУ
7M04103 Экономика (2)
7M04104 Экономика (1,5)
ОҚЫТУ  БАҒЫТЫ: 7M071 ИНЖЕНЕРЛІК ЖӘНЕ ИНЖЕНЕРЛІК ІС
7M07110 Автоматтандыру және басқару
7M07111 Автоматтандыру жыне басқару 1,5
БАКАЛАВР
ОҚЫТУ БАҒЫТЫ: 6В061 АҚПАРАТТЫҚ-КОММУНИКАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР
6B06101 Бағдарламалық инженерия
6B06102 Жасанды интелект технологиясы

Оқушыларды тәрбиелеу формалары

Мүгедектігі бар және мүмкіндігі шектеулі студенттер күндізгі бөлімде оқиды. Оқу процесін ұйымдастыру кезінде қашықтықтан оқыту технологиялары қолданылуы мүмкін.

Қашықтықтан білім беру технологиялары мен электрондық оқытуды қолдану аумақтық орналасқан жеріне қарамастан оқуға мүмкіндік береді. Білім беру үдерісін құру студенттің жеке қажеттіліктері мен мүмкіндіктерін ескереді.

Ерекше білім беру қажеттіліктері бар білім алушыларды оқыту әдістерін таңдау оқытудың мазмұнымен, педагогикалық ұжымның кәсіби дайындық деңгейімен, әдістемелік және материалдық-техникалық қамтамасыз етумен, мүмкіндігі шектеулі студенттердің оқу ақпаратын қабылдау ерекшеліктерімен анықталады.

Білім беруде кітапханалық-ақпараттық қолдау:

Республикалық жоғары оқу орындары аралық электрондық кітапхана http://www.rmeb.kz

Сайт «Scopus»

Сайт «Web of Science»

Білім алушыларға әлеуметтік қолдау көрсету шарттары

Мүгедектігі бар және денсаулық мүмкіндіктері шектеулі, мүгедектік тобына байланысты шарттық негізде оқитын студенттерге университеттің білім беру гранты туралы Ережеге, университет стипендиясына және «Қарағанды индустриялық университеті» КеАҚ-да оқуға жеңілдіктерге сәйкес ғылыми кеңестің шешімімен оқуға 10-нан 30% – ға дейін жеңілдік беріледі.

Білім беру бағдарламаларын бейімдеу келесі түрде жүзеге асырылады:

  1. Оңалту мен абилитациялаудың жеке бағдарламасында көзделген ерекшеліктерді ескере отырып, оқытудың жеке кестесін жасау. Мұндай студенттердің оқу мерзімі қажет болған жағдайда жеке оқу жоспары бойынша ұзартылуы мүмкін.
  2. Өз бетінше оқу үшін онлайн курстар мен электрондық білім беру ресурстарын пайдалану.
  3. Білім алушылардың білім беру порталының ресурстарына КарИУ сайты және «Платонус» ААЖ және MOODLЕ ақпараттық жүйелеріндегі жеке кабинеттер арқылы қашықтықтан қол жеткізуін пайдалану.
  4. онлайн және оффлайн режимдерде оқытушылардың кеңес беруі арқылы білім алушыларға оқу-әдістемелік көмек көрсету