«Қазақстан тарихы және жалпы білім беру пәндері» кафедрасы

КАПАШЕВА

ЖАНИЯ КУДАЙБЕРГЕНОВНА

Кафедра меңгерушісі м.а.
Гуманитарлық ғылымдар магистрі, аға оқытушы

Кафедра телефоны  90 79 04 (148)
Е-mail:zh.kapasheva@tttu.edu.kz
Теміртау қ., Республика даңғ., 30
жаңа корпус
409 кабинет
Facebook, Instagram

«Қазақстан тарихы және жалпы білім беру пәндері» кафедрасы «Қарағанды индустриялық университеті» КеАҚ Директорлар кеңесінің 31.08.2024ж. (6\24 хаттама) шешімімен қайта құрылды.  «Жалпы білім беру пәндері» кафедрасының «Қазақ, орыс және шетел тілдері» секциясы мен «Қазақстан тарихы, әлеуметтік- гуманитарлық пәндер және дене тәрбиесі» кафедрасының «Қазақстан тарихы, әлеуметтік- гуманитарлық пәндер» секциясын біріктіру негізінде  құрылды.

«Қазақстан тарихы және жалпы білім беру пәндері» кафедрасы 2024 жылдың қыркүйек айында құрылды ( кафедра меңгеруші м.а.- г.ғ.м., Капашева Ж.К.).

 «Қазақ, орыс және шетел тілдері» секциясы

1963 – «Шетел тілдері» кафедрасы құрылды (меңгерушісі Дядюкова И. И.).

1991– кафедра «Қазақ және орыс тілдері» (меңгерушісі Айтбаева М. Ж.) және «Шетел тілдері» (меңгерушісі Черемных Л. С.) кафедраларына бөлінді.

1969-1976 жылдары кафедраны  Залесский И.И., Мұқанова Т.Н., Станович О.Н., Садықов М.С. басқарды.

1996 – «Қазақ, орыс және шетел тілдері»  кафедрасына біріктірілді. (меңгерушісі п.ғ.к., доцент Байбусанова З.Е.)

2001-2011-кафедраны Баймбетова М. К.  басқарды.

2011– кафедра «Қазақстан тарихы және жалпы білім беру пәндері» кафедрасының құрамына енді (меңгерушісі с.ғ.к., доцент Гуменчук О. Н., 2014-2017- п.ғ.м., Хамитов С.Б.)

2017 – «Қазақ, орыс және шетел тілдері»  кафедрасы құрылды (меңгерушісі ф.ғ.к.,доцент Абдикарим Н.А.).

2021 – «Қазақ, орыс және шетел тілдері» мен «Жалпы білім беру пәндері» («Физика-математика» секциясы) кафедралары біріктіріліп, «Жалпы білім беру пәндері» кафедрасы деп аталды (меңгерушісі х.ғ.к.,доцент Махмутов Б.Б., 2022 ж. –Мырзаханова А.Т., 2023 ж. – г.ғ.м., Капашева Ж.К.).

«Қазақстан тарихы, әлеуметтік- гуманитарлық пәндер» секциясы

1963 – «Қоғамдық ғылымдар» кафедрасы құрылды (меңгерушісі т.ғ.к., доцент Зайцев В.Я.).

1964 – «Қоғамдық ғылымдар» кафедрасы «Марксизм-ленинизм» кафедрасы болып аталды (меңгерушісі т.ғ.к., доцент Зайцев В.Я.).

1968 «Марксизм-ленинизм» кафедрасының негізінде екі жаңа кафедра құрылды:

- «КПСС тарихы және ғылыми коммунизм» кафедрасын (1975 жылға дейін т.ғ.к., доцент Зайцев В.Я.; 1975-1981 жылдары т.ғ.к., доцент Джагфаров Н.Р.; 1982-1989 жылдары т.ғ.к., доцент Гунашев А.А.) басқарды.

- «Философия және саяси экономика» кафедрасын (1968-1974 жылдары ф.ғ.к., доцент Сиянина М.М.; 1975-1985 жылдарыф.ғ.к., доцент Попандопуло И.Л.; 1985-1992 жылдары  – э.ғ.к., доцент Салийчук В.Ф.) басқарды.

1990 –  «Әдеп, эстетика және құқықтық тәрбие» кафедрасы құрылды (меңгерушісі  т.ғ.к., доцент Мухина З.З.).

1992 – «Әдеп, эстетика және құқықтық тәрбие» кафедрасының негізінде «Мәдениеттану» кафедрасы құрылды (меңгерушісі 1992-1994 жылдары  ф.ғ.к. Шитова В.Н.; 1994 жылдан бастап  – с.ғ.к. Гуменчук О.Н.).

1996 – Барлық гуманитарлық кафедралар «Философия және әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдар» кафедрасына біріктірілді (меңгерушісі 2006 жылға дейін с.ғ.к. Гуменчук О.Н.; 2006-2011 жылдары аға оқытушы Черкашин В.Г.).

2011 – Кафедра «Жалпы білім беру пәндері» кафедрасы болып аталды (меңгерушісіс.ғ.к. Гуменчук О.Н.). Кафедра құрамына «Қазақ, орыс және шетел тілдері» мен «Дене тәрбиесі» кафедралары біріктірілді.

2013 – Кафедра «Қазақстан тарихы және жалпы білім беру пәндері» кафедрасы деп қайта аталды (меңгерушісіс.ғ.к. Гуменчук О.Н.; 2014- 2017 жылдары п.ғ.м.  Хамитов С.Б.).

2017– «Қазақстан тарихы, әлеуметтік-гуманитарлық пәндер және дене тәрбиесі» кафедрасы болып құрылды (меңгерушісі 2019 жылға дейін аға оқытушы Колесникова Р.К., 2019-2023 жылдары т.ғ.м. Солтан М, 2023-2024 жылдары т.ғ.м. Капбарова Г.М ).

2024 – «Қазақстан тарихы, әлеуметтік- гуманитарлық пәндер» секциясы мен «Қазақ, орыс және шетел тілдері» секциясы біріктіріліп, «Қазақстан тарихы және жалпы білім беру пәндері» кафедрасы деп аталды (меңгерушісі г.ғ.м., Капашева Ж.К.).

2024-2025 оқу жылында кафедрада 1 ғылым кандидаты,  10 ғылым магистрі мен 9  аға оқытушы қызмет етеді.

Кафедрада 3 компьютерлік сынып, 13 оқу кабинеті және «Құзыреттерді дамыту орталығы» бар.

Кафедра пәндері: Орыс тілі, Кәсіби орыс тілі, English, Professional English, Қазақстан тарихы, Әлеуметтану және саясаттану, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет негіздері, Мәдениеттану және психология. Философия, Ғылым тарихы және философиясы, Жоғары мектеп педагогикасы, Басқару психологиясы. Пәндер  1-3 курста оқытылады.

Кафедра миссиясы –  философиялық дүниетанымы, жоғары саяси санасы мен мәдениеті бар әлеуметтік белсенді тұлға қалыптастыру, сондай-ақ кәсіптік коммуникацияда тілдік құзыреттілікті дамыту.

Кафедраның стратегиялық мақсаты  кафедраны әлеуметтік- гуманитарлық және лингвистикалық білім беру саласында ғылыми-зерттеу және педагогикалық мектеп ретінде қалыптастыра отырып, дамыту.