Ғылыми қызмет

КАПАШЕВА

ЖАНИЯ КУДАЙБЕРГЕНОВНА

Кафедра меңгерушісі м.а.
Гуманитарлық ғылымдар магистрі, аға оқытушы

Кафедра телефоны  90 79 04 (148)
Е-mail:zh.kapasheva@tttu.edu.kz
Теміртау қ., Республика даңғ., 30
жаңа корпус
409 кабинет
Facebook, Instagram

Кафедраның  ғылыми-зерттеу және ғылыми-әдістемелік жұмысы:

  • ғылыми-әдістемелік зерттеулер жүргізу;
  • ғылыми мақалалар, монографиялар дайындау және жариялау;
  • ғылыми іс-шаралар өткізу: оқыту семинарлары, дөңгелек үстелдер конференциялар;
  • білім алушылардың ғылыми-зерттеу жұмыстарына жетекшілік жасау.

Ғылыми дәрежелері бар кафедраның профессорлық-оқытушылар құрамы:

Оқытушының  ТАӘ

 

Ғылыми дәрежесі Ғылыми

атағы

Ғалым идентификаторы және профилі
1. Гуменчук О.Н. Саясаттану ғылымдары кандидаты. доцент ID ORCID-0009-0005-0312-5882

Кафедраның ғылыми потенциалы:

Жалпы білім беру кафедрасында 1 ғылым кандидаты (Гуменчук О.Н..,с.ғ.к,.),        11 ғылым  магистрі (Жунусова А.К.,п.ғ.м., Капашева Ж.К. .г.ғ.м., Дружинина Н.В., п.ғ.м., Хамитова Ш.А., г.ғ.м., Мукатай А.Б., ф.ғ.м., Ахметгалина Н.С., г.ғ.м., Асанова К.А.,ф.ғ.м., Канатбаева А.Б., қ.ғ.м. Жанабергенова Д.К., г.ғ.м, Тилеубаев А.М., г.ғ.м. ).

Кафедраның 3 оқытушысы 8D01100101 «Педагогика и психол.огия» (Капашева Ж.К.), 8D02306001 «Филология» (Хамитова Ш.А.),  «8D02206 Дінтану»  (Жанабергенова Д.К.) оқу бағдарламалары бойынша PhD бағдарламасын аяқтады.

Кафедра базасында ғылыми-әдістемелік зерттеулер жүргізу мақсатында 2023 жылдың қазан айынан бастап Құзыреттерді дамыту орталығы жұмыс істейді. Орталық М. Танк атындағы Беларусь мемлекеттік педагогикалық университетімен ынтымақтастық туралы келісімшарт негізінде құрылды. Орталық келесі бағыттарда  өз қызметін  бастады:

- үздіксіз білім беру жағдайында техникалық бейіндегі жоғары білім беру ұйымдары оқытушыларының психологиялық-педагогикалық құзыреттілігін қалыптастыру ерекшеліктерін зерттеу;

- бірлескен монографиялар, әдістемелік құралдар мен ғылыми мақалалар дайындау және жариялау;

- ғылыми-әдістемелік семинарлар, тренингтер мен конференциялар өткізу.