Ғылыми жұмысы

Бестембек Ербол Серікұлы

кафедра меңгерушісі
техника ғылымдарының кандидаты, доцент

Мекен-жайы: Теміртау қ., Республика даңғ. 30,
Жаңа корпус, 106, 108 кабинеттер

ҒЫЛЫМИ ҚЫЗМЕТ

   Кафедрадағы ғылыми-зерттеу жұмыстары (ҒЗЖ) кафедра мен университетті дамытудың ағымдағы және перспективалық жоспарларына негізделіп жүргізіледі. Кафедраның барлық ҒЗЖ профессорлық-оқытушылық құраммен қатар кафедраның докторанттары, магистранттары және студенттерінің белсенді қатысуымен іске асырылады.

Кафедраның ғылыми қызметінің құрамына келесі іс-шаралар кіреді:

  • қаржыландырылатын және қаржыландырылмайтын ҒЗЖ шеңберінде қолданбалы және іргелі ғылыми зерттеулер жүргізу;
  • ғылыми мақалалар, шолулар, баяндамалар тезистері, монографиялар, патенттер және басқа түрдегі ғылыми жарияланымдар мен жұмыстарды дайындау;
  • студенттердің ҒЗЖ және магистранттар мен докторанттардың диссертациялық зерттеулері;
  • халықаралық және республикалық ғылыми конференциялар, форумдар, дөңгелек үстелдер, семинарлар, университетішілік және халықаралық ғылыми ынтымақтастық форматындағы ғылыми іс-шараларды ұйымдастыру және оларға қатысу.

Кафедраның ғылыми қызметінің негізгі бағыттары өнеркәсіптің технологиялық жабдықтары және көліктік-технологиялық машиналар саласындағы өзекті мәселелерді қолданбалы және іргелі зерттеумен байланысты. Аталған мәселелерді шешу үшін кафедрада ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі тарапынан қаржыландыратын, жалпы сомасы 356 307 306,5 теңгені құрайтын 6 ғылыми жоба жүзеге асырылуда:

Жобаның жеке тіркеу нөмірі және тақырыбы Жобаны қаржыландыру сомасы, тг Жобаны іске асыру мерзімі Жобаның ғылыми жетекшісі
1 AP14972831 «Металл карбидтерімен және кремний өндірісінің қалдықтарымен армирленген тәжірибелік алюминий матрицалық композиттердің құрылымы мен қасиеттерін зерттеу» 15 860 392,0 2022–2024 PhD, аға оқытушы Абишкенов М.Ж.
2 AP15473081 «Домна өндірісінің қалдықтары негізінде жол-құрылыс материалдарын өндірудің кешенді технологиясын әзірлеу» 18 941 188,0 2022–2024 PhD, доцент м.а.

Кунаев В.А.

3 AP19677907 «Микро/нанобөлшектердің, өндірістік қалдықтардың және ығысудың машина жасауда қолданылатын металл дайындамалар сапасына тигізетін әсерін зерттеу» 73 166 380,0 2023–2025 Т.ғ.к., доцент Ашкеев Ж.А.
4 AP19674502 «Калибрленген біліктерде прокаттау кезінде қарқынды ығысу деформацияларын жүзеге асырудың технологиялық әдісін әзірлеу және зерттеу» 70 850 187,5 2023–2025 Т.ғ.к., доцент м.а.

Ногаев К.А.

5 AP19678263 «Металлургиялық өнеркәсіптердің өндірістік қалдықтарын ұтымды пайдалану» 88 876 643,0 2023–2025 Т.ғ.к., доцент Романов В.И.
6 AP22786668  «Металлургиялық және кремний өндірісінің қалдықтары негізінде жақсартылған физика-механикалық сипаттамалары бар тұрақты асфальтбетон алудың ғылыми негіздері» 88 612 516,0 2024–2026 PhD, доцент м.а.

Кунаев В.А.