ҚАРИУ «АБАДАН» ПІКІРСАЙЫС МҮШЕЛЕРІ ОҚУШЫЛАР АРАСЫНДАҒЫ ПІКІРСАЙЫС ОЙЫНДАРЫНДА ТӨРЕШІЛІК ЕТТІ.

Қарағанды индустриялық университетінің "Абадан" пікірсайыс клубының мүшелері Илияс Ыбырай, Өсер Аружан, Миллион Назым, Садирбай Аружан, Құтанова Ақжүніс, Жақсылық Нұргүл 24 сәуірде Теміртау оқушылары арасындағы пікірсайыс ойындарында төрешілік етті. Қалалық пікірталастарды "Әлем" балалар-жасөспірімдер шығармашылығы орталығы " КМҚК және Қарағанды облысы білім басқармасының Теміртау қаласының білім бөлімі ұйымдастырды.

__________________