АҒЫМДАҒЫ ЖЫЛДЫҢ 8 ҚАРАШАСЫНДА ҚАРАҒАНДЫ ИНДУСТРИЯЛДЫ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ СТУДЕНТТЕРІ МЕН МҰҒАЛІМДЕРІ ҮШІН СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ САЯСАТ БОЙЫНША ТЕDX ФОРМАТЫНДА КЕЗДЕСУ ӨТТІ

 

Қарағанды индустриялды Университетінде Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат мәселелері бойынша ТЕDX форматында кездесу өтті.

Ағымдағы жылдың 8 қарашасында Қарағанды индустриялды университетінің студенттері мен мұғалімдері үшін сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат бойынша ТЕDX форматында кездесу өтті. Спикер ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының сарапшысы Тлеубердинов Аркадий Набиевичтің қатысуымен өткізілді.

Кездесу сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мақсатында ұйымдастырылды.

Кездесу барысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мынадай өзекті мәселелер қарастырылды: сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс үшін кадрлар даярлау, комплаенс-офицерлердің біліктілігін арттыру, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша Қазақстан сондай-ақ 2022-2026 жылдарға арналған ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат Тұжырымдамасының мәселелері қозғалды. қоғамдық ортада сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың қазақстандық үлгісін, оның жүзеге асырылу механизмдерін, нәтижелерін талқылай отыра,өскелең ұрпақ арасында парасаттылық сананы кеңейту және әдеп қағидаттарының сақталуына тәрбиелеу.

Кездесу соңында студенттер өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің түрлі әдістерін ұсына отырып, қызу талқылады.


Просмотров: 141