Мыңжасар Есмұрат Аманғалиұлы

Докторлық диссертацияны қорғау туралы

«Қарағанды индустриялық университеті» КеАҚ жанындағы 6D070900 (8D07202) – «Металлургия» («Қара және түсті металдар металлургиясы») мамандығы (ББ) бойынша философия докторы (PhD) дәрежесін алу үшін диссертациялық кеңесте Мыңжасар Есмұрат Аманғалиұлының «Төмен сапалы шикізаттан ферросиликомарганецтің стандартты маркаларын балқытудың ресурс үнемдеу технологиясын әзірлеу» тақырыбындағы диссертациясын қорғауы өтеді.

Диссертациялық жұмыс «Қарағанды индустриялық университеті» КеАҚ-ның «Металлургия және материалтану» кафедрасында және Ж. Әбішов атындағы Химия-металлургия институтының «Ферроқорытпалар және тотықсыздандыру үрдістері» зертханасында орындалды.

Қорғау тілі: қазақша.

Ғылыми кеңесшілер:

Нурумгалиев Асылбек Хабадашевич – техника ғылымдарының докторы, профессор, «Қарағанды индустриялық университеті» КеАҚ-ның «Металлургия және материалтану» кафедрасының профессоры (Теміртау қ., Қазақстан Республикасы);

Махамбетов Ерболат Нысаналыулы – PhD, «Ферроқорытпалар және тотықсыздандыру үрдістері» зертханасының меңгерушісі Ж.Әбішов атындағы Химия-металлургия институты (Қарағанды қ., Қазақстан Республикасы);

Юджел Онуралп (Yucel Onuralp) – PhD, профессор, «Металлургия және материалтану» кафедрасының профессоры, Istanbul Technical University (Ыстамбұл қ., Түркия).

Ресми рецензенттер:

1) Аринова Сания Каскатаевна – PhD, «Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университеті» КеАҚ-ның «Нанотехнология және металлургия» кафедрасының аға оқытушысы, докторанттың зерттеулері саласында 5-тен астам ғылыми жарияланымдары бар (Қарағанды қ., Қазақстан Республикасы);

2) Колесников Александр Сергеевич – техника ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор, «М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті» КеАҚ-ның «Тіршілік қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау» кафедрасының профессоры, докторанттың зерттеулері саласында       5-тен астам ғылыми жарияланымдары бар (Шымкент қ., Қазақстан Республикасы).

Диссертациялық кеңестің уақытша мүшелері:

1) Капелюшин Юрий Евгеньевич – PhD, «Оңтүстік Орал мемлекеттік университеті (Ұлттық зерттеу университеті)» Жоғары білім берудің федералды мемлекеттік автономды білім беру мекемесінің «Қайта пайдалануға болатын зымыран-тасығыштардың қозғалтқыш қондырғыларының физика-химия және газдинамика мәселелері» ғылыми-зерттеу зертханасының меңгерушісі, «Металлургиядағы сутегі технологиялары» ғылыми-зерттеу зертханасының аға ғылыми қызметкері. Докторанттың зерттеу саласы бойынша Clarivate Analytics компаниясының Journal Citation Reports деректері бойынша алғашқы үш квартильге кіретін басылымдарда 6 жарияланымдары және Scopus деректер базасында Сitescore бойынша процентиль көрсеткіші кемінде 35 болатын басылымдарда 7 жарияланымдары бар. Хирша индексі: Web of Science = 4, Scopus = 7 (Челябі қ., Ресей Федерациясы);

2) Қойшина Гулзада Мынгышқызы – PhD, «Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университеті» КеАҚ-ның «Металлургия және пайдалы қазбаларды байыту» кафедрасының қауымдастырылған профессоры. Докторанттың зерттеу саласы бойынша Clarivate Analytics компаниясының Journal Citation Reports деректері бойынша алғашқы үш квартильге кіретін басылымдарда 2 жарияланымдары және Scopus деректер базасында Сitescore бойынша процентиль көрсеткіші кемінде 35 болатын басылымдарда 5 жарияланымдары бар. Хирша индексі: Web of Science = 2, Scopus = 3 (Алматы қ., Қазақстан Республикасы);

3) Аубакиров Дастан Рахметоллаевич – философия докторы (PhD), «Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университеті» КеАҚ-ның «Нанотехнология және металлургия» кафедрасының меңгерушісінің м.а. Докторанттың зерттеу саласы бойынша Clarivate Analytics компаниясының Journal Citation Reports деректері бойынша алғашқы үш квартильге кіретін басылымдарда 10 жарияланымдары және Scopus деректер базасында Сitescore бойынша процентиль көрсеткіші кемінде 35 болатын басылымдарда 10 жарияланымдары бар. Хирша индексі: Web of Science = 2, Scopus = 3 (Қарағанды қ., Қазақстан Республикасы).

Қорғау: 2025 жылдың 22 ақпаны, сағат 10.00-де «Қарағанды индустриялық университеті» КеАҚ мына мекенжайы бойынша: 101400, Теміртау қ., Республика даңғылы, 30, Н-201 ауд.

Қорғау Zoom платформасында жүзеге асырылады:

https://zoom.us/j/91491234785?pwd=PvlnTMrK3dvhnR2yhoIVmm5rJtYdSP.1

Конференция идентификаторы: 914 9123 4785

Кіру коды: 811649

Ғылыми хатшы: философия докторы (PhD), қауымдастырылған профессор (доцент) Ержанов А.С.

тел: +7 (747) 131 21 83

email: 6D070900@tttu.edu.kz

сайт адресі https://tttu.edu.kz/obyavlenii-o-zashhite-doktorskoy-dissertacii-announcement-of-the-defense-of-a-doctoral-dissertation-%d2%9bor%d2%93au-turali-xabarlandiru/

 

Аңдатпа

⇓ Диссертация

Ғылыми еңбектер тізімі

⇓ Этикалық комиссияның шешімі

⇓ Отандық ғылыми консультанттың пікірі _ Нурумгалиев А.Х

⇓ Отандық ғылыми консультанттың пікірі _ Махамбетов Е.Н.

⇓ Шетелдік ғылыми консультанттың пікірі _Юджел О.

⇓ Ресми рецензент Аринова Сания Каскатаевна жазбаша пікірі

⇓ Ресми рецензент Колесников Александр Сергеевич жазбаша пікірі

⇓ Диссертацияны қорғауға қабылдау туралы хаттама