Сыбайлас жемқорлыққа қарсы конкурс жарияланады

 

Қазақстан Республикасында іске асырылып жатқан сыбайлас жемқорлыққа қарсы мемлекеттік саясатты насихаттау, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті және жастар арасында сыбайлас жемқорлыққа «нөлдік» төзімділікті қалыптастыру, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың заманауи тәсілдерін әзірлеу мақсатында жастар арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы идеялар мен жобалар конкурсы жарияланады.

Конкурсты М.С. Нәрікбаев атындағы КАЗМЮУ Университетінің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы зерттеу орталығы, ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі, «Әділдік Жолы» республикалық қоғамдық бірлестігі ұйымдастырады.

Байқау 2022 жылдың 9 желтоқсанынан 2023 жылдың 12 ақпанына дейін өткізіледі. Жұмыстар 2023 жылғы 12 ақпанда сағат 00:00-ге дейін қабылданады.

Студенттер мен оқытушылардан қатысуды сұраймыз.


Просмотров: 967