ҚАРАҒАНДЫ ИНДУСТРИЯЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ ҰЖЫМЫ ОҚУШЫЛАРМЕН КЕЗДЕСТІ

 

Қарағанды индустриялық университеті ұжымы мектеп директорлары, білім беру бөлімінің мамандарымен және жауапты тұлғалармен кәсіптік бағдар беру бойынша жиын өткізіп келеді. Кәсіптік бағдар беру жұмысын тиімді жүргізу мақсатында оқу ордамыздың жауапты тұлғалары, ұстаздары мен ғалымдары №9 лицей қабырғасында бітіруші түлектер, ұстаздар, оқушылардың ата-аналарымен кездесті. Келелі кездесу «Өнегелі өмір» жобасы аясында ұйымдастырылды. Шара оқушыларға жаратылыстану-математикалық бағыттағы мамандықтардың қоғамдағы рөлін түсіндіруге, оқушылардың логикалық, математикалық, инженерлік ойлауын қалыптастыруды, әртүрлі өмірлік жағдайларға және болашақ кәсіби қызметіне қажеттілігі және оқушыларды одан әрі кәсіби өзін-өзі анықтауға, өзін-өзі дамытуға аталған пәндердің сабақтастығы мен ықпалы жайлы өрбіді.

Жиын барысында осындай кездесулер екіжақты байланысты жаңа деңгейге көтеруде маңызы ерекше екені айтылды. Осы ретте, Қарағанды индустриялық университетінің ректоры Болатбек Абдрасилов жиынға қатысушыларды университетке түсу талаптары, білім беру бағдарламалары, университетте оқу, білім, ғылым бойынша соңғы жылдары жүргізіліп жатқан жүйелі жұмыстар, қол жеткізген оң нәтижелер мен тың жаңалықтар жайлы таныстырып, жиынға қатысушыларды қызықтыратын, көкейтесті сауалдарына жауап берді.


Просмотров: 1  815