«ҚҰРЫЛЫС» ЖӘНЕ «БИЗНЕС ЭКОНОМИКАСЫ» КАФЕДРАЛАРЫНЫҢ ПРОФЕССОРЫ ЗОЯ САЛИХОВНА ГЕЛЬМАНОВА НЬЮ-ЙОРК ҚАЛАСЫНДА ӨТКЕН ЭКОНОМИКА БОЙЫНША БІРІНШІ ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТЫНЫҢ АЛТЫН ЖҮЛДЕСІНІҢ ИЕГЕРІ АТАНДЫ

 

Қарағанды индустриялық университетінің ғалымының жетістігі халықаралық деңгейде мойындалды!

2023 жылдың 25-30 қазанында Нью-Йоркте 20 елден 120 қатысушы қатысқан экономика бойынша Бірінші әлем чемпионатының қорытындысы шығарылды. 60 ұжым мен жекелеген ғалымдар марапаттарға ие болды. Төрешілер арасында  Нобель сыйлығының 9 лауреаты болды.

Елдер бойынша жалпы командалық есепте: 1 орын – АҚШ, 2 орын – Ұлыбритания, 3 орын – Қытай, 4 орын – Франция, 5 орын – Бразилия иеленді.

РБМҚ командасы құрметті 9-орынға, ал Қазақстан құрамасы 10-орынға ие болды.

Чемпионат The International Historical Biographical Institute ((Dubai-New York – Rome – Burgas – Jerusalem – Beijing) (IHBI)  базасында оқу орындары мен ғылым басшылары, ғалымдар мен ғылыми-педагогикалық қызметкерлер арасында өткізілді.

Айта кету керек, бұл әлем чемпионатына қатысу жоғары оқу орнына халықаралық университет рейтингтеріне енуге және халықаралық ғылыми және білім кеңістігіне шығуға мүмкіндік беретін ғылыми іс-шаралардың бірі болып табылады.

ҚарИУ экономика ғылымдарының кандидаты, «Құрылыс» және «Бизнес экономикасы» кафедраларының профессоры Зоя Салиховна Гельманованың «THE EFFECTIVENESS OF THE FORMATION AND DEVELOPMENT OF IN-HOUSE KNOWLEDGE IN ORGANIZATIONS OF KAZAKHSTAN». тақырыбындағы жоба ұсынылды. Автор экономика бойынша бірінші әлем чемпионатының алтын жүлдегері атанды.

Зоя Салихқызын осы айтулы жеңісімен құттықтап, алдағы уақытта да шығармашылық жеңістер мен жетістіктер тілейміз!


Просмотров: 169