2024 ЖЫЛҒЫ 1 АҚПАННАН БАСТАП ҚАРИУ КОМПЛАЕНС-ОФИЦЕРІ ЛАУАЗЫМЫНА ЗАҢ ҒЫЛЫМДАРЫНЫҢ МАГИСТРІ САЛПЕНОВА МАДИНА МЕЙРАМОВНА ТАҒАЙЫНДАЛДЫ.

 

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызмет қызметінің негізгі мақсаты ҚарИУда Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнамасының сақталуын қамтамасыз ету, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-шаралардың іске асырылуына мониторинг жүргізу болып табылады

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметке мынадай функциялар жүктелген:

1) ҚарИУ-дағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың тиімділігіне қатысты ақпаратты жинауды, өңдеуді, қорытуды, талдауды және бағалауды жүзеге асыру;

2) ҚарИУ-да анықталған сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің мониторингін және оларды жою бойынша қабылданатын шараларды жүзеге асыру;

3) ҚарИУ-да Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мәселелері бойынша түсіндіру іс-шараларын жүргізу;

4) ҚарИУ білім алушылары, оқытушылары мен қызметкерлері үшін сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-шараларды ұйымдастыру;

5) ҚарИУ оқытушылары мен қызметкерлерінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саясатын және корпоративтік әдеп пен мінез-құлық мәселелерін сақтауын бақылауды қамтамасыз ету.

Барлық сұрақтар бойынша сіз 8-775-989-45-43 телефоны бойынша комплаенс-офицерге хабарласа аласыз, электрондық пошта мекенжайы: m.salpenova@tttu.edu.kz


Просмотров: 83