СТУДЕНТТЕР «АЛАШ» ҰЛТ-АЗАТТЫҚ ҚОЗҒАЛЫСЫ КЕЗЕҢІНІҢ КӨРНЕКТІ ҚАЙРАТКЕРІ ҚОШКЕ КЕМЕЛҰЛЫНА АРНАЛҒАН КІТАП КӨРМЕСІНЕ ҚАТЫСТЫ.

Студенттердің өзіндік жұмысы құзыреттілікті қалыптастыруды, кәсіби қызмет саласындағы практикалық міндеттерді сәтті іске асыруды анықтайтын, жүйелік тәсілді қолдана білуге және интерактивті тәсіл негізінде мәселені шешудің ең тиімді әдістерін түсіну, формализациялау, таңдау, жүзеге асыру үшін пәнаралық байланыстарды қолдана білуге негізделген оқу процесінің негізгі құрамдас бөлігі болып табылады.

«Жалпы білім беру пәндері» кафедрасының тіл пәндерінің оқытушылары дәстүрлі емес форматта (кітапханаларда, мұражайларда, театрларда) танымдық қабілеттер мен шығармашылық бастамаларды дамытуға бағытталған СӨЖ сабақтарын жүйелі түрде ұйымдастырады.

Анықтама және ақпараттық-арнайы әдебиеттерді іздеу және қолдану дағдыларын қалыптастыру, студенттердің ғылыми-зерттеу қабілеттерін дамыту мақсатында ЖБбП кафедрасының қазақ, орыс және ағылшын тілдерінің оқытушылары Теміртау қаласының орталық кітапханасының базасында бірінші курс студенттерімен  кіріккен СӨЖ сабақтарын өткізді. Студенттер «Алаш» ұлт-азаттық қозғалысы кезеңінің көрнекті қайраткері, ағартушы, дәрігер, дарынды жазушы-драматург, журналист, қоғам қайраткері Қошке Кемелұлына арналған кітап көрмесіне қатысты.

Кітапхана сабағынан кейін білімді жүйелеу және бекіту үшін студенттер аналитикалық кестелер, постерлік ғылыми-ақпараттық хабарламалар мен аудио презентациялар дайындады.