ҚАРИУ ОҚЫТУШЫЛАРЫНА АРНАЛҒАН ВЕБИНАР.

«Жалпы білім беру пәндері» кафедрасының әдістемелік аптасы аясында халықаралық байланыстар негізінде «Құзыреттерді дамыту орталығының» (ғылыми жетекшісі, п.ғ.к.доцент И.В.Шеститко) жоспарына сай «Университет оқытушысы қызметіндегі ақпараттық технологиялар» тақырыбында вебинар өтті. Вебинар серіктес университет М.Танка атындағы Беларусь мемлекеттік педагогикалық университеттің Кәсіби біліктілік арттыру және қайта даярлау институтымен бірлескен форматта жүргізілді.

Вебинарға қатысқан (36 оқытушы) жобаларды басқарудың KAITEN сервисімен танысып, білім алушылардың қалыптасқан құзыреттерін бағалауды ұйымдастырудың тиімді сервисінде жұмыс істеді.

Оқытушы үшін заманауи ақпараттық оқыту технологиясын меңгеру және авторлық жобаларды ұйымдастыру тәжірибесімен БМПУ -дың Кәсіби біліктілік арттыру және қайта даярлау институтының аға оқытушысы Н.В.Быстрякова таныстырды.

Вебинар барысында меңгертілген оқыту сервисін өз тәжірибесінде пайдаланудың ұтымды тәсілдерін ұсынған оқытушыларға сертификаттар табысталды.