«ЭНЕРГЕТИКА» КАФЕДРАСЫНЫҢ КӘСІПТІК БАҒДАР БЕРУ ЖҰМЫСЫ

2024 жылдың 27 наурызында Қарағанды индустриялық университетінің «Энергетика» кафедрасының кәсіптік бағдар беру жұмысы аясында «Теміртау жоғары политехникалық колледжі» КМҚК «Жылу техникалық жабдықтар және жылумен жабдықтау жүйелері», «Газбен жабдықтау жүйелерінің жабдықтарын монтаждау және пайдалану», «Электр және электрмеханикалық жабдықтарды техникалық пайдалану, қызмет көрсету және жөндеу» мамандықтарының бітіруші курс студенттеріне экскурсия өтті.

Колледж бітірушілері университет тарихы және оның заманауи жетістіктері туралы бейнесюжетті көріп, оқуға түсу шарттары (өтініш беру мерзімі, оқуға түсу үшін қажетті құжаттар тізімі және т.б.) туралы барлық қажетті ақпаратты алды, одан әрі жұмысқа орналасу мүмкіндіктері туралы білді. Мемлекеттік гранттар мен жұмыс берушілердің гранттары, оқу ақысына жеңілдіктер, оқу шарттары сияқты мәселелер балалардың қызығушылығын тудырды.

Қарағанды индустриялық университеті қаладағы оқу орындарының түлектеріне ұйымдастыратын жыл сайынғы экскурсиялар мен іс-шаралар оларға біздің университетпен танысуға, оқыту және дайындық бағдарламалары туралы көбірек білуге мүмкіндік береді, бұл олардың болашақ мамандықтарын анықтауға көмектеседі.