ӨМІРГЕ МӘН БЕРІП, ҚАНАТТАНДЫРАР ҒЫЛЫМ

НАУКА ОКРЫЛЯЕТ И ДАРИТ НАМ ЖИЗНЬ

Бүгін –04.04.2024 күні Қазақстандағы ғылым қызметкерлерінің күніне орай біздің университетімізде мерекелік іс-шаралар апталығы басталды. Бүгінгі мерекемізді қызықты өткізу мақсатында «Қанаттандырар ғылым» атты тақырыпта «Дәрілік заттардың технологиясы және биофармация» пәнінен техника ғылымдары магистрі, «Химиялық технология және экология» кафедрасының аға оқытушысы Жуманазарова Ғазиза Мустафаевна, PhD, «Химиялық технология және экология» кафедрасының аға оқытушысы Жаслан Рымгүл Қуатқызының жетекшілігімен «Армандар алаңы» интеллектуалдық ойыны түрінде өткізілді. Студенттер аталмыш сабақ барысында өтілген тақырыптар бойынша сұрақтарда бақ сынады. Бұл шара – арнайыландырылған оқыту пәні негізінде ғылыммен танысуға, қазақ ғылым қайреткерлерін тануға мүмкіншілік береді.