МӘЖІЛІС «ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ САЯСАТ ТУРАЛЫ» ЗАҢ ЖОБАСЫН ҚАБЫЛДАДЫ.

 

Заңдар ғылым және технологиялық саясат мәселелері бойынша мемлекеттік саясаттың құқықтық, экономикалық, әлеуметтік және ұйымдастырушылық негіздерін жетілдіруге бағытталған.

Атап айтқанда, ұлттық ғылыми жүйені дамыту тетіктері көзделеді, ғылыми қызмет субъектілері, олардың құқықтары айқындалады, Ұлттық Ғылым академиясының құқықтық мәртебесі, Ғылым қорының қызметі және ғылыми қызметті қаржыландыру тетіктері бекітіледі.

Сондай-ақ зерттеу университеті мәртебесін беру және оны дамыту бағдарламасын бекіту тәртібі реттелді. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) білім басқармасы органдарына қатысты мемлекеттік бақылау жүргізу тәртібі нақтыланады.

Бұдан басқа, ғылыми дәрежесі бар қызметкерлердің ғылыми қызметін ынталандыру мақсатында оларға ай сайынғы қосымша ақы белгілеу мәселелерін, сондай-ақ жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында, ғылыми ұйымдарда жұмыс істейтін жетекші ғалымдарға шығармашылық демалыс беру шарттарын регламенттейтін түзетулер енгізілді.


Просмотров: 18