ҚАРИУ-ДА «ПОЛИГЛОТ» КООНКУРСЫ ӨТТІ

Әдістемелік апталық аясында «Жалпы білім беру пәндері» кафедрасы «Полиглот» конкурсын ұйымдастырды. Конкурстың мақсаты – көптілді білім беруді кеңінен насихаттау, дарынды жастарды анықтау және қолдау, білім алушылардың тілдерді үйренуге деген қызығушылығын арттыру. Конкурсты ұйымдастырушылар кафедраның аға оқытушылары А.К.Жунусова, Ш.А. Хамитова мен оқытушы Н.В.Дружинина.

 Жарыс үш факультеттің: Экономика және құрылыс, Энергетика, көлік және басқару жүйелері, Металлургия және машина жасау факультеттері мен  Теміртау жоғары политехникалық колледжінің командалары арасында өтті.

Төрт турдың қорытындысы бойынша I дәрежелі дипломмен Металлургия және машина жасау факультетінің командасы, II дәрежелі дипломмен  Энергетика, көлік және басқару жүйелері факультетінің командасы, III  дәрежелі дипломмен  Теміртау жоғары политехникалық колледжі командасы марапатталды. Сондай-ақ жеңімпаздарға ақшалай сертификаттар табысталды.